• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Шымкентте карантин кезінде 57 мәдени іс-шара онлайн өтеді

273 рет
көрсетілді

Әлемді үрей құшағына алған коронавирус індетімен күреске тек дәрігерлер ғана емес, мәдениет саласының қызметкерлері де үлес қосуда.

Естеріңізге салар болсақ, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен еліміздің өнер жұлдыздары карантин жағдайында онлайн концерт ұйымдастырып, халыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлауда. 

Осы жақсы дәстүрдің жалғасы ретінде Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және  архивтер басқармасы  13-19 сәуір аралығында өтетін онлайн іс-шаралар тізімін жариялады 

«13-19 сәуiр аралығында  жалпы 57 мадени iс-шараны онлайн откізуді жоспарлап отырмыз. Осы орайда қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер  басқармасының әртістері күн сайын тікелей эфирде өнер көрсетеді», дейді басқарма басшысы Рашид Мыңбаев. 

 

    Шымкент