Бүгін қырғыз тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қырғызстан Республикасының Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақта COVID-19 коронавирустық індеттің таралуына қарсы әрекет ету, сондай-ақ Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу пункттерінің өткізу қабілетін сақтау бойынша екі елдің қабылдап жатқан шаралары талқыланды.Алдағы вегетациялық кезең қарсаңында Киров су қоймасынан және Нарын-Сырдария ГЭС каскадынан суды үздіксіз өткізу бөлігінде жоғары деңгейдегі бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы іске асыру қажеттілігіне ерекше назар аударылды.Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан тарапына 5 мың тонна бидай ұнын жеткізу бойынша гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдағаны үшін шынайы алғысын білдірді.