• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 13 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Індет жұқтырып емделген 3 адам дерттен айықты

179 рет
көрсетілді

Соңғы дерек бойынша Алматы облысында коронавирус инфекциясы анықталғандар саны жиырма бір адамға жетті. Қуаныштысы, өңірде дерттен айығып, үйіне оралуға рұхсат етілген науқастар үлесі де өсті.

Бұған дейін Қарасай ауданының бір тұрғыны үйіне жіберілген болатын. Бүгін тағы 3 адам Қаскелең қаласындағы инфекциялық ауруханадан шықты. Осы уақтықа дейін короновирус диагнозы бойынша ем қабылдағандар толық емдеу курсынан өтіп, сауықты. Олардың арасында жүктіліктің 22 аптасында болған келіншек те бар. Қазір 1995 жылы туған әйелдің жағдайы тұрақты, денсаулығы оңалған. Ол індет белгісі анықталғаннан кейін, 27 наурыз күні оқшауланған болатын. Сондай-ақ, 28 наурыз күні оқшауланған 1997 жылғы және 1957 жылы туған 2 пациент те енді үй жағдайында бақылауда болады.

Бүгін емделіп шыққан науқастардың екеуі шетелден оралған болатын. Ал үшінші адам Іле ауданының тұрғыны, ол Нұр-Сұлтан қаласында қайтыс болған науқаспен қарым-қатынаста болғандығы анықталып, оқшауланған еді.

 

Алматы облысы