Алматы облысында коронавирус инфекциясын жұқтырып, ем-дом қабылдаған науқастар сауығып жатыр. Осы сәтке дейін дәрігерлердің рұхсатымен 5 адам ауруханадан шықты.
Бүгін Қаскелеңдегі жұқпалы аурулар ауруханасына 27 наурыз күні оқшауланған пациент үйіне жіберілді. 1979 жылы туған әйелдің денсаулығы қалыпты. Ол Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан келгеннен кейін денсаулығына шағымданып, дәрігерге қаралған болатын. Ал науқасқан байланыста болған 6 адам да дереу оқшауланған еді.
Алматы облысы