• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Сәуір, 2020

Алматы облысы: Төлем тарифтері төмендеді

260 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың коронавирус індетімен күресу және дағдарысқа қарсы қабылданған шараға орай берген тапсырмасы Алматы облысында жүзеге асуда.

Мәселен, облыс тұрғындарының 1 сәуір мен 30 маусым аралығында тұтынған коммуналдық қызметі үшін алынатын ақы төменгі тарифпен есептелетін болды. Мұндай шешімді Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті қабылдады.

Ал облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, Талдықорған қаласындағы «Жетісу су құбыры» мекемесі таза судың 1м3 үшін төленетін ақыны 8 пайызға төмендетсе, «Талдықорғанжылусервис» компаниясы 1 Гкал жылудың бағасын және ыстық су үшін алынатын ақыны да 10 пайызға арзандатты. Ал «Алматыгазсервис» холдингі облыстың Алматы қаласы маңындағы аудандарының тұрғындары тұтынатын газ бағасын 24,39 теңгеден 24,11 теңгеге дейін түсіреді.

Сондай-ақ, облыстың барлық аудандардағы жылу, су, көгілдір отын және қуат көзін тарататын компаниялар аталған мерзім аралығындағы төлем тарифін 1 пайыздан 10 пайызға дейін төмендетіп, тұрғындарға жеңілдік жасауы тиіс. Және компаниялар төтенше жағдай кезеңіндегі берешекүшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін тоқтатпайтын болды.