Игі шараны жүзеге асыру үшін аталған қордың Қамқоршылық кеңесі «СҚ-Фармация» үкіметтік операторымен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары тұрғындарының әлсіз топтарына медициналық бетпердені тегін тарату үшін 5 миллион маска сатып алу туралы шартқа қол қойған болатын.
Медициналық бетперделер халықтың әлсіз топтарына кіретін отбасыларға беріледі. Әр отбасыға 50 данадан үлестірілетін болады. Яғни, аталмыш көмекті қаладағы 20 мың отбасы ала алады. Медициналық бетпердені әр аудан әкімдігі еріктілермен бірге аталған отбасыларға жеткізіп бермек.
Айта кетейік, бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорынан 22 мыңға жуық шымкенттіктің есепшотына 50 мың теңгеден қаржы аударылған болатын.
Шымкент