Қазір Алматы облысы толықтай каранинге жабылды. Бұған дейін аймақта қауіпсіздік шарасы күшейтілген түрде жүрген еді. Осы кезеңде тұрғындар тарапынан төтенше жағдай ережесін өрескел бұзу дерегі азаймапты.
Мысалға, өткен 2-3 күн шамасында облысыта карантин тәртібін бұзудың 107 дерегі тіркелген екен. Тәртіп сақшылары төтенше жағдай тәртібін бұзуға жол берген 41 тұлғаны қамауға алып, 46 азаматқа айыппұл салған. Ескерту алған тұрғын саны да едәуір.
Жалпы, ереже бұзудың дені карантин аумағына кіруге немесе тыйым салынған аумақтан шығуға әрекет ету болып тұр. Екі күн ішінде 49 рет осындай сипаттағы ереже бұзу оқиғасы болған. Құқық бұзушылықты анықтау бойынша Іле ауданының полицейлері 34 деректі әшкерелесе, Қарасай ауданында 26 дерек және Талдықорған қаласында 14 дерек тіркелген екен.
Алматы облысы