Қазақстандағы коронавирус бойынша 17 сәуір 10:05-тегі эпидемиологиялық жағдай туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 68 жағдай тіркелді. Нұр-Сұлтан қаласы - 2, Алматы қаласы - 44, Шымкент қаласы - 1, Түркістан облысы - 2, Қызылорда облысы - 9, Атырау облысы - 1, Батыс Қазақстан облысы - 4, Павлодар облысы - 2, Қарағанды облысы - 3.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 1470 адам анықталды. Олардың ішінде:Алматы қаласы – 461,Нұр-Сұлтан қаласы – 328,Қызылорда облысы – 143,Қарағанды облысы – 87,Ақмола облысы – 81,Атырау облысы – 72,Түркістан облысы – 55,Жамбыл облысы – 53,Шымкент қаласы – 46,БҚО – 30,СҚО – 29,Алматы облысы – 29,
Павлодар облысы – 15,Ақтөбе облысы – 14,Маңғыстау облысы – 12,ШҚО – 8,Қостанай облысы – 7.