• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 17 Сәуір, 2020

Danone зауыты дамылсыз жұмыс істеп тұр

402 рет
көрсетілді

Әлемнің аққа құмар тұтынушыларын айран-сүтпен қамтып отырған Францияның Danone компаниясының қазақ топырағына аяқ басқанына он жылдың жүзі болыпты. Осы мерзім ішінде біріккен кәсіпорын Қазақстандағы сүт өнімі бизнесінде көш бастап, Орта Азия нарығын толықтай игерді деуге толық негіз бар.

Қазір де Іле ауданындағы Байсерке ауылында орналасқан Danone Berkut зауытындағы жұмыс ырғағы баяулаған жоқ. Ел бойынша жарияланған төтенше жағдай талабына сай және облыс аумағындағы карантин ережесіне сәйкес кәсіпорындағы сақтық шарасы күшейді. Зауыт аумағында санитарлық бақылау бекеті ашылған, әр ауысым жұмысшылардың денсаулығына мұқият тексеру жүргізіледі. Ал кәсіпорын жұмысшылары арнайы автобуспен тасымалданады екен. Бүгінде өндірісте 50 адамнан құралған бригада үш ауысыммен еңбек етіп жатыр. Алматы қаласының аумағында тұратын қызметкерлер үшін жатақханадан орын бөлініп, тамақпен қамтылған. Жұмыс ауқымын азайту мен еңбеккерлерді қысқарту болған жоқ. Қайта компания жұмысшылары үшін бонустық төлем мөлшері көбейіпті.

- Біздің компанияның Алматы облысындағы зауыты толық күшінде жұмыс істеп тұр. Жұмысшылар карантин талаптарына сәйкес күніне бірнеше рет дәрігерлік тексеруден өтеді. Адамдарды ақысыз демалысқа жіберу мен қысқарту туралы ойламадық та. Керісінше, қосымша ақы төлеуді ұйымдастардық, -  дейді Danone компаниясының өкілі Дінмұхамед Айсауытов.

 

 

Алматы облысы