Орал қаласында күшейтілген карантин режіміне байланысты қоғамдық көлік қозғалысы уақытша тоқтатылған болатын. Сәуірдің 17-24 аралығында дәрігерлерді арнайы автобустар тасымалдайтын болды.
Орал қаласындағы медицина қызметкерлері үшін қала әкімдігі облыс орталығының барлық аумағын қамтып, 17 түрлі маршрутпен жүретін автобус қозғалысын іске қосты. Айналымда 65 автобус бар. Олар таңертең және кеште қызмет көрсетеді. Бұл автобустарға арнайы рұқсат қағазы бар медицина қызметкерлері ғана отыра алады.
Батыс Қазақстан