• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 18 Сәуір, 2020

Шығыс Қазақстан: 11000 дана жалған рұқсат қағазы берілген

476 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта 867 рұқсаттама алынды. 

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты біздің облыста да шектеу шаралары енгізілгені белгілі. Шектеу енгізілгеннен кейін өз қызметтерін жүргізу және жүріп-тұруы үшін бірқатар кәсіпкерлер мен тұрғындарға рұқсат қағаздары берілген-ді. Алайда осы рұқсат қағаздарын беру кезінде заңсыздықтарға жол берілгені, тіпті, кейбір кәсіпкерлерге рұқсат қағаздары 10, 20 мың теңгеден сатылғаны туралы әлеуметтік желілерде жазылған болатын. Мұны облыс әкімі Даниал Ахметов те растады. «Өскемен және Семейдің бірқатар бизнесмендері мен кей тұрғындары заңсыз жолмен автокөлікке арналған жалған рұқсат қағаздарын алып, пайдаланып жүргендері туралы фактілер анықталды. Олардың жалпы саны 11000 данадан асады. Облыстық полиция департаменті тексеруді бастады. Қазіргі уақытта 867 рұқсаттама алынды. Бұл жұмыс, әрине, жалғасатын болады. Сондықтан, құрметті жерлестер, баршамыздың ортақ қауіпсіздігіміз үшін бұл маңызды жұмысқа түсіністікпен қарауларыңызды сұраймын. Бұдан бөлек, біз белгіленген ережелерге сай ұсынылмаған және тұлға туралы дерек нақтыланған талапқа сай болмаған жағдайда рұқсат қағаздарды жарамсыз деп танимыз» деп жазды аймақ басшысы өзінің фейсбуктегі парақшасында.

Шығыс Қазақстан облысы