• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Үкімет 19 Сәуір, 2020

Асқар Мамин қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтады

333 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин қазақстандық православтарды Пасха мерекекесімен құттықтады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстанның православ христиандарын Жарылқаушы Христос мерекесімен құттықтаймын. Ұлы мереке Пасха тіршілік пен мейірімділіктің салтанатын, рақымдылықты, қайырымдылықты, рухани жаңғыруды білдіреді. 

Сенім адамдарды ізгілікке, игі амалдарға жетелейді. Қазақстанда Пасха - жасампаздық қуаты мол, православ христиандарын ғана емес, басқа діндердің өкілдерін де, тұтас халқымыздың басын қосып біріктіретін мейрамдардың бірі.

Барлық қазақстандықтарға шын жүректен мықты денсаулық, төзім, жасымас жігер мен жақсылыққа сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін» деді ол.