• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Президент 19 Сәуір, 2020

Президент дәрігерлерге, полиция және әскери қызметшілерге алғыс айтты

375 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтты. Бұл туралы Президент Twitter парақшасында жазды.

«Азаматтарымыздан карантинді сақтауды сұраймын. Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет. Елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны көбеюде, бірақ геометриялық прогрессиямен емес. Бұл дер кезінде қабылданған шешімдердің нәтижесі екені анық. Бірақ, індет шарықтау шегіне жеткен жоқ» деп жазды ол.