Кеше түнде оның баррелі –40 долларға дейін түсіп кетті. Оған қоймалардың лық толуы және пандемия салдарынан сұраныстың күрт азаюы себеп болған. Қазір көрсеткіш шамалы көтеріліп, 1,5 долларға жетті.
Ал Солтүстік теңізде өндірілетін Brent маркалы өнім бағасы салыстырмалы түрде тұрақты. Қазір баррелі - 25 доллар 79 цент. Баға кешегі көрсеткішпен салыстырғанда 8,4 пайызға түскенімен, өнімге сұраныс бар.