• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Сәуір, 2020

«Том мен Джерри» мультфильмінің құрастырушысы қайтыс болды

559 рет
көрсетілді

Комедиялық мультфильм авторларының бірі Прагада көз жұмды.

Танымал иллюстратор, мультипликатор әрі кинорежиссер Джин Дейч 95 жасында Прагада қайтыс болды.

«Том мен Джерри» мультфильмін құрастырушылардың бірінің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз, деп хабарлады The Hollywood Reporter.

Джин Дейч «Том мен Джерридің» 13 сериясына режиссерлік жасап қана қоймай, «Теңізші Папай» мультипликациялық туындысының жарық көруі үшін де атсалысқан.