Кеше шахматтан жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған «Magnus Carlsen Invitational» деп аталатын онлайн-турнирдің екінші туры аяқталды.
Жарыстың атауынан байқағаныңыздай, айтулы жарыс 29 жастағы Норвегияның атақты шахматшысы Магнус Карлсеннің құрметіне өтуде. Небары13 жасында гроссмейстер дәрежесіне жеткен Скандинавия түбегінің түлегі одан кейін де талай белестерді бағындырды. 2013 жылы ол ресейлік Владимир Крамниктен айласын асырып, әлем чемпионы атанды. Сол кезден бері ол алтын тәж үшін тартыста ешкімге есе жіберген жоқ.
Екінші турда Магнус Карлсен ирандық Әлиреза Фируджиден 2,5:1,5 есебімен басым түсті. АҚШ өкілі Хикару Накамура мен нидерландтық Аниша Гири арасындағы бәсеке дәл сондай есеппен алғашқысының пайдасына шешілді.
Естеріңізге сала кетейік, алғашқы турда Магнус Карлсен америкалық Хикару Накамурамен тең ойнап, армагеддонда шведтің бағы жанды. Есеп- 3:2. Келесі бәсекеде қытайлық Дин Лижэн ирандық Әлиреза Фируджадан айласын асырды. Бұл матчта 2,5:1,5 есебі тіркелді.