• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Сәуір, 2020

Шекаралық режимді бұзған екі азамат ұсталды

135 рет
көрсетілді

Алматы облысында 2020 жылғы 13 сәуірде шекаралық режимді бұзған Қазақстан Республикасының екі азаматы ұсталды. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.

Көрсетілген адамдар сирек кездесетін өсімдіктерді жинаумен айналысқан. Оларды тексеру барысында өсімдіктерді қазу құралдары мен 2,5 кг-нан астам «сұрғылт түсті сепкілгүл» тамырлары табылды.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар алынған тамырларға сараптама жасауда. Өсімдіктің түрі расталған жағдайда құқық бұзушылар ҚР ҚК 339-бабы «Сирек кездесетін және жоғалып кетуге жақын, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктерді немесе жануарларды, олардың бөлшектері мен өнімдерін заңсыз алу» бойынша жауапкершілікке тартылады.