• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Әлем 21 Сәуір, 2020

Биыл Октоберфест өтпейтін болды

189 рет
көрсетілді

Германияның жыл сайын өтетін дәстүрлі Октоберфест фестивалі коронавирусқа байланысты биыл тойланбайтын болды. Бұл туралы Бавария премьер-министрі Маркус Зедер мәлімдеді.  

Бұл шешім Мюнхен мэрі Дитер Райтермен бірге қабылдаған.

«Қауіп өте жоғары. Сондықтан биыл Октоберфест тоқтатылуы тиіс.  Сіздер қашықтық сақтай алмайсыздар, маска да тақпайсыздар. Коронавирустың екпесі немесе емі табылғанға дейін абайлап өмір сүру керек», деп жазды Зедер Twitter-де.

Октоберфест биыл 19 қыркүйек пен 4 қазақн аралығына жоспарланған болатын. Фестивальдің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, шара 2021 жылдың 18 қыркүйегінде өтеді. Екі апта ішінде фестивальге алты миллион адам келіп, олар Мюнхенде шамамен 1 млрд еуро жұмсайтын.