23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай «Жеті төбенің қаласынан жеті құрлыққа арнау» атты концерт өтеді. Шара Түркия Байланыс министрлігінің YouTube каналында жарияланады.
Түркия Республикасы Президенті әкімшілігі тарапынан 23 сәуір Ұлттық егемендік және балалар мерекесіне орай өтетін «Жеті төбенің қаласынан жеті құрлыққа арнау» атты концерт бейсенбі күні Қазақстан уақытымен сағат 22:00-да басталады. Концертте Ыстамбұл көгінен сүйіспеншілік пен бірлікке үндейтін әндер шырқалады.
Коронавирус індетіне қарсы күресте бірқатар елге медициналық дәрі-дәрмек жіберіп, қол ұшын созған Түркия екі құрлықтың түйіскен жері Ыстамбұл қаласында әншілер жүректерді тоғыстыра отырып, бірлік пен тұтастық құндылықтарын дәріптейді.
Людвиг ван Бетховеннің 9-шы симфониясының Ференц Лист тарапынан өңделген пианинодағы шығармасын орындайтын әлемдегі санаулы музыканттардың бірі Идиль Бирет «Адамзат симфониясы» атымен де танылып жүрген бұл өшпес туындыны Босфор бұғазының жанында сіздерге тарту етеді.
Арфа аспабында Ширин Панджароғлу және әнші Бора Уймаз Юнус Эмренің «Мен жүрмеймін..» атты туындысын «Қыз мұнарасында» шырқайтын болады.
Айя-Софияда сырнайшы Явуз Акалын «Сегах Пешрев» (Юсуф Паша), Топкапы сарайында утшы Мұрат Бағдатлы «Күрдилихиджазкар Лонга» (Кемани Себух), Галата мұнарасында сырнайшы Элиф Юрдакул Байкурт «Сиринкс» (ClaudeDebussy), Долмабахче сарайында тамбуршы Өзер Өзел және кеменжеші Аслыхан Өзел «Нихавенд саз семаи» (Месут Джемиль бей), Пьер Лоти төбесінде канун аспабында Серкан Месут Халили «Шехназ Лонга» (Сантури Эсем бей) әуендерін тарту етеді.
Ыстамбұлдың ғажайып көрінісі фонымен өткізілетін концертте түрік классикасынан бөлек батыс классикалық музыкасының туындылары ұсынылады. Юнус Эмре, Мевлана, Вели Бекташ қажы, Пір Сұлтан Абдалдан Иммануил Кант, Фома Аквинский және Альфонс де Ламартинге дейін Шығыс және Батыстың әйгілі ғұламаларының махаббат мен адамгершілік сезімдеріне толы еңбектері аталмыш әуендерден орын табады.
Концертті тамашалау үшін сілтеме: https://www.youtube.com/iletisimbaskanligi