• RUB:
    4.88
  • USD:
    443.44
  • EUR:
    480.51
Басты сайтқа өту
Спорт 22 Сәуір, 2020

Шахматшылардың онлайн-турнирінде Карлсен мен Каруна көш бастап келеді

82 рет
көрсетілді

Шахматтан жүлде қоры 250 мың АҚШ долларын құраған «Magnus Carlsen Invitational» деп аталатын онлайн-турнир жалғасуда. 

Біз бұған дейін екінші турда Магнус Карлсен ирандық Әлиреза Фируджиден, ал америкалық Хикару Накамура нидерландтық Аниша Гириден басым түскені жайында жазған едік. Бұл кездесулердің екеуінде де 2,5:1,5 есебі тіркелді. Келесі күні жарыс жалғасын тапты. Бұл бәсекеде ресейлік Ян Непомнящий франциялық Максим Вашье-Лавгравты 3:2 есебімен ұтты. АҚШ-тың тағы бір өкілі Фабиано Каруана мен қытайлық Лижень Дин арасындағы тартыста дәл сондай есеппен алғашқысының пайдасына шешілді.  

Екі турдың қорытындысы бойынша Карлсен мен Каруна көш басында келеді. Олардың әрқайсысы 5 ұпайдан олжалады. Оларды 4 ұпайдан еншілеген Накамура, Лижэнь және Вашье-Лаграв еншілеп келеді. Непомнящий әзірге 2  ұпайды қанағат тұтса, Фиружа мен Гиридің қоржындары бос.