• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормаларды бұзған 15 нысан жабылды

312 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда полиция қызметкерлері эпидемиологтармен, әкімдіктің қызметкерлерімен бірге қызметі рұқсат етілген нысандарда санитарлық нормалардың сақталуын күнделікті тексеріп, рейдтер жүргізіп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Қызметкерлерін қорғаныс құралдарымен, орталықтандырылған тасымалдаумен қамтамасыз етпей, дезинфекция жұмыстарын жүргізбегені үшін 15 нысанның қызметі тоқтатылды. Жұмысы тоқтатылған нысандардың қатарында құрылыс компаниялары, тапсырыспен айналысатын мейрамханалар мен қонақ үй бар.

Елорда компанияларының басым бөлігі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтап жатыр. Жұмыс уақыты таңғы сағат 9-дан кешкі 18-ге дейін (бұл тамақ тасымалдайтын орындарға қатысты емес). Қызметкерлерді тасымалдау ұйымдастырылды. Олар арнайы киіммен, қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Қызметкерлер санитарлық өңдеуден өтеді.

«Бұл қалада қалған адамдар. 50%-дан астамы аудандарға кетті. Жұмысқа жақын жерде тұратын қызметкерлер шығып жатыр. Таңертең сағат 9-ға дейін және кешкі сағат 18-ден кейін қызметкерлер тепловизорда ЖРВИ белгілерінің бар-жоғына тексеріледі. Штатқа жұмысшыларды тексеріп тұратын медицина саласының қызметкерлері қабылданды. Кіреберісте контролёр әрбір клиентті тепловизорда тексеріп тұрады», – деді «Мегастрой» құрылыс гипермаркеті директорының орынбасары Оксана Сухорукова.

Гипермаркетке кіре берісте арнайы белгі жасалды. Санитарлық нормаларды сақтауға ыңғайлы болу үшін адамдар арасындағы ара қашықтық – екі метр.

«Сатып алушылар кезекпен кіреді. Бізде жеті касса жұмыс істейді. Кассада 2-3 клиенттен артық болмауын қадағалаймыз. Дәліз толығымен дезинфекцияланады. Залда санитайзерлер орнатылды. Клиенттерге маскамен кіруге ғана рұқсат. Сағат сайын дезинфекция жұмыстары өткізіліп тұрады», – деді О. Сухорукова.

Санитарлық нормалар мен карантин режимін сақтамаған жағдайда елордада нысандарының қызметі тоқтатылады. Елордада коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында қатаң ережелер қабылданды.