• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Сәуір, 2020

«Жаңа Алатау» қорына 257 млн-нан астам теңге қаражат түсті

155 рет
көрсетілді

«Жаңа Алатау» қорына Алматыдағы мұқтаж жандарға көмек көрсету үшін 257 млн-нан астам теңге қаражат түсті. Бұл туралы Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы хабарлады.

Қазіргі таңда Қор 136 млн теңге көлемінде көмек көрсеткен. Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне және 1-3 топтағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға, аз қамтылған, көп балалы аналарға, жалғыз басты аналарға жалпы 12 мың азық-түлік жиынтығы жеткізілді. Бұған қоса, азық-түлік пен зарарсыздандыру құралдары қаланың арнайы мектептеріне, интернаттарға және балалар үйлеріне жеткізілді. Жалпы алғанда, бүгінде Алматыда санитарлық қауіпсіздікті сақтау бойынша арнайы дайындықтан өткен 100 волонтер жұмыс істеп жүр. Олар мұқтаж жандарға азық-түлік жиынтықтарын, дәрі-дәрмектерді, бірінші қажеттіліктегі заттарды өлшеп-орауға және жеткізуге көмектеседі. Сонымен қатар, ақпараттық-консультациялық көмек те көрсетіледі.