Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев пен Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған телефон арқылы сөйлесті.
Президенттер 10 сәуірде өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің кезектен тыс саммитінің қорытындысын талқылады. Сондай-ақ екі мемлекетте де жүргізіліп жатқан коронавирус пандемиясына қарсы іс-қимыл шараларын қолдады.