Испанияда соңғы 24 сағатта коронавирустан 435 адам қайтыс болды. Осылайша, елде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 21 717 адамға жетті. Испания премьер-министрі Педро Санчес төтенше жағдайды ұзартуға өтініш беретінін мәлім етті.
Сәрсенбі күні оның ұсынысы Парламент талқылауына шығарылады. Егер мақұлданса, елде карантин осы жылдың 9 мамырына дейін ұзартылады. Әр сенбі Санчес Испания үкіметінің ғылым комитетімен коронавирус жағдайы туралы есепті тыңдау үшін видеоконференция өткізіп жатыр. Карантин 26 сәуірде тағы 15 күнге созылуы мүмкін. Еске салайық, елде 205 000 коронавирус жағдайы тіркелді. Осылайша, Испания Италиядан «асып түсіп», ауру жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орында тұр.