• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 22 Сәуір, 2020

Германияда COVID-19-ға қарсы вакцина адам ағзасында сынамадан өткізіледі

110 рет
көрсетілді

Вакциналар мен биомедициналық препараттар неміс федералды институты PEI (Пауль Эрлих институты) COVID-19 коронавирусына қарсы вакцинаны клиникалық тестілеуге алғашқы рұқсатты берді, деп хабарлайды Deutsche Welle агенттігі.

Айта кету керек, бүгінде бұл – клиникалық сынақтарды жүргізуге рұқсат алған әлемдегі төртінші вакцина. Бастапқы кезеңде тестілеуге 18 ден 55 жасқа дейінгі 200 сау адам қатысады. Олар препараттың әртүрлі дозаларын алатыны туралы хабарланған. Сынаманың екінші кезеңіне ауру қаупі жоғары адамдар өз еркімен қатысады. Тестілік вакцинаны Майнц қаласындағы BioNTech компаниясы жасаған.

«Біз Германияда клиникаға дейінгі зерттеулердің аяқталғанына қуаныштымыз және көп ұзамай адамдарға алғашқы сынама жасауды бастаймыз. Бағдарламаның басынан бастап сынақ басталғанға дейінгі өту жылдамдығы осы маңызды процестің барлық қатысушылары жоғары деңгейде тартылғанын көрсетеді», - деп мәлімдеді BioNTech Бас директоры және тең құрылтайшысы Угур Сахин.