• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Білім 28 Сәуір, 2020

60-тан аса отандық ЖОО болашақ жұмыссыздарды дайындайды

124 рет
көрсетілді

Бұл туралы «Жоғары оқу орындарының рейтингі» төңірегінде талқыланған онлайн-конференцияда белгілі болды.  

700-ден аса сарапшылар зерттеген рейтингтің қорытындысы бойынша 60-тан аса отандық ЖОО-ң болашақ жұмыссыздарды дайындайтыны анықталған. 

«Қазақстанның 60-там аса жоғары оқу орны болашақ жұмыссыздарды дайындайды десе де болады. Кейбір жоғары оқу орны сапалы білім беруге тырыспайды, есесіне дипломдарды басып шығарып, тез ақша табуда. Өйткені білімге емес, құжатқа сұраныс бар», – деп қорытынды жасайды зерттеу тобы.

Естеріңізге сала кетейік, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 3 жылдан бері Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, қазақстандық жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына тәуелсіз бағалау жүргізіп келеді.