Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің қатысуымен төтенше жағдай кезеңінде халыққа қолдау шаралары туралы онлайн-брифинг болып өтті.
Брифингке Алматы қаласы Мәслихатының депутаты, «ИЛЬДАШ» татар гуманитарлық дамыту орталығының төрайымы, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы, ҚХА мүшесі Нұрия Ниязова, Алматы қаласы ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, Алматы көпір конструкциялары зауытының директоры Ахметжан Шардинов, «Қазақстан ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, ҚХА мүшесі Рустам Қайрыев, ҚХА Алматы қаласы «Барбанг» күрд қауымдастығының Вице-президенті, «Нұр Отан» партиясы мен ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, соғыс ардагері, «Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбубәкір Вайсырұлы қатысып, Қазақстан халқын 1-мамыр мерекесімен құттықтады.
«Құрметті алматылықтар, міне, биыл 25 жыл қатарынан 1 мамыр мерекесін – Қазақстан халқының бірлігі ретінде атап өтіп келеміз. Бірақ, биылғы мерекені біз төтенше жағдай режимінде – карантин жағдайында карсы алғалы отырмыз. Десекте, әр сәттің өзіндік қуанышы, қызығы бар. Бұл жолғы мереке біздің өз отбасымызға көңіл бөлуімізбен ереклешенеді. Халықтың қуаты – оның бірлігінде! Ендеше, елімізде болып жатқан уақытша қиындықты біз бірлігіміз бен ынтымағымыздың арқасында жеңіп шығатынымызға сеніміміз мол», — деді «Ильдаш» татар гуманитарлық даму орталығының төрайымы Нұрия Ниязова.
Осы арада айта кету керек, 2014 жылдың ақпан айында Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан өте – «Аналар кеңесі» құрылған болатын. «Бір қолымен, бесікті, бір қолымен әлемді тербететін» әйел-аналар ҚХА алаңында да белсенді жұмыс істеді.
«Бұл ұйым жүректері балаларға деген сүйіспеншілікке толы, жер бетінде өмір сыйлайтын, содан кейін біздің қоғамымыздың азаматы болатын болашақ тұлғаны тәрбиелеу үшін толық жауапты болатын аналардың басын біріктірді. Сондықтан, бүгінгідей сын сағатта ҚХА, этно-мәдени бірлестіктер, қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі бірігіп, көмекке мұқтаж жандарға қолұшын беріп келеді», — деді Н.Ниязова.
Сонымен бірге, оның айтуынша, қазіргі таңда этномәдени бірлестіктердің жастары азық-түлік себетін, маскалар мен дезинфекциялау құралдарын мұқтаж жандарға жеткізіп беруде, мемлекеттік көмек бойынша әлеуметтік төлемдерді шешу бойынша кеңес беру секілді жұмыстармен айналысып жатыр.
«Біздің этномәдени бірлестіктердің төрағалары ҚХА құруда ұйытқы болған азаматтар. Кезінде олардың біразы жастар қанатында жұмыс істеді. Енді бүгін ұрпақтар сабақтастығы бойынша өздерінің этно-мәдени орталықтарына басшылық жасауда. Ең бастысы, олар өз замандастарына, әрине, өз балаларына бақытты отбасын құрудың үлгісін көрсетіп отыр. Бірлік пен ынтымақтың үлгісі, бұл бүгінгі таңда Қазақстан жүріп жатқан жасампаздықтың жолы!» – деп атап өтті Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы.
АЛМАТЫ