• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қоғам 03 Мамыр, 2020

Ғалымдардан конкурсқа қабылданған 5000 жобаның 4000-ы кері қайтарылған

146 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов бас басылымға берген сұхбатында айтты.

А.Аймағамбетовтың айтуынша, соңғы жылдары жас мамандардың ғылымға бет бұруы көңілге сенім ұялатады. Қазіргі ғылыми қызметкерлердің 34%-ын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды.  

– Иә, ғалымдарымыздың қатары көбейгенімен, олардың жобаларын жүзеге асырып, өндіріске енгізуде кедергілерге кезігеді. Оның басты себебі әрі ғылым саласындағы негізгі мәселелердің бірі – ғылыми қызметтің аз қаржыландырылуы. 2018 жылы барлық қаржыландыру көздерінен ғылыми зерттеулерге бөлінген шығыстар көлемі Қазақстанда ІЖӨ-нің 0,12%-ын құраса, дәл осындай көрсеткіш Арменияда (0,3%), Украинада (0,5%), Беларусьта (0,6%), Ресейде (1,2%), ЭЫДҰ елдерінде (4%), Оңтүстік Кореяда (5%)-ды құрады.

Соңғы өткізілген гранттық жобалар конкурсына ғалымдардан 5 мың өтінім түскенімен, қаржыландырудың жеткіліксіз болуына байланысты 4 мың жоба кері қайтарылды. Қаржыландыруға іліккен жобалардың бюджеті де біршама қысқартылды, бұл жобалардың сапасы мен нәтижесіне әсер етпей қоймайды, – деді министр.