• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Мамыр, 2020

Психологиялық орталық қызметіне 30 мыңнан астам адам жүгінген

389 рет
көрсетілді

БҰҰ Балалар қорының қолдауымен еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы бір айдан астам мерзімде COVID-19-ға қарсы күрес аясында қазақстандықтарға психологиялық онлайн кеңес ұсынып келеді.

Осы мерзім ішінде сайтқа Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 30 000-нан астам адам кірген. Осы уақытқа дейін мамандар 152 жеке онлайн-кеңес өткізді.

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Николай Негайдың айтуынша, шеклеулі режім кқптеген адамдарға ауыр тиді. «Өкінішке орай, кейбіреулер үшін шектеулі кеңістікте болу қиынға соғуда. Сондықтан коронавирустық инфекцияның өршу жағдайында психологиялық көмек көрсететін сайтқа кірген азаматтар мамандардың кеңестерін оқып, психологтар сұрақтарын жазуға, сонымен қатар онлайн-кеңестер алуға мүмкіндік алды.  Негізінен, қазақстандықтар ұйқысыздық, жалғыздықтан қорқу, болашаққа алаңдау сияқты мәселелерге қатысты алаңдайды. Оқшаулану кезінде виртуалды болса да психологиялық кеңес алуға мүмкіндік бар. Сайтқа мазалаған кез келген сұраққа жауап алып, өтініш қалдыру арқылы психологтың немесе психотерапевтің тегін онлайн-кеңесін алуға болады. Карантиндегі азаматтар, мүгедектер, зейнеткерлер, медицина қызметкерлері, жасөспірімдер және балалар ата-аналарының рұқсатымен сайтта кеңестер ала алады.

Бұл жобаға денсаулық сақтау, білім беру, мемлекеттік, үкіметтік емес секторларда еліміздің барлық аймақтарында жұмыс жасайтын 70-тен астам маман қатысуда. Онда короновирустық инфекцияның жергілікті жағдайда бейімделуі мен таралуы кезіндегі психологиялық көмектің үздік халықаралық тәжірибесі жинақталған.

«Коронавирустық пандемия кезінде, әсіресе қалыпты қолдау механизмдері өзгерген кезде, балаларда қосымша алаңдаушылық пен стресс тууы мүмкін. Барлық жастағы балалар бұл эмоциялармен әр түрлі жолдармен күреседі, және олар көбінесе ересек адамдардың эмоцияларына бағынышты болады. Сондықтан бұл сайттың жұмысы ересектер үшін де, балалар үшін де өте маңызды. Біз Денсаулық сақтау министрлігіне және Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығына тұрғындарды қолдаудағы жұмысы үшін және сайтты құрудағы ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз», - деп атап өтті ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен.