• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Футбол 05 Мамыр, 2020

Талқылауға тыйым салынды

130 рет
көрсетілді

Коронавирус пандемиясына қарамас­тан Беларусь елінде футболдан ішкі бі­ріншілік жалғасып жатыр. Бұл – Еуро­пада өтіп жатқан жалғыз футбол чемпионаты. Десе де елде пандемияға бай­ла­нысты ойындарды уақытша тоқ­тату ту­ралы талқылауға тыйым салынған.

Бұл туралы «Витебск» клубының қор­ғаушысы Олег Карамушка мәлімдеді. Бап­керлер тарапынан футболшыларға чемпионатты тоқтату туралы талқылауға, сөйлесуге болмайтынын қатаң ескерткен.

«Чемпионат басында біріншілікті уа­қытша тоқтата тұру туралы әңгіме тараған-ды. Бірақ кейіннен тынышталып қалды. Бапк­ерлер бізге бұл тақырыпты талқылауға тыйым салды. Дегенмен санитарлық талаптарды сақтауды, киім ауыстыру бөлмесінде қолымызды антисептикпен жиі өңдеуді талап етіп отыр. Сондай-ақ уақытша қол алыс­пауға да келістік», дейді ол.

Бүгінде Беларусь чемпионатында 7 тур ойналған. «Витебск» командасы 10 ұпаймен 8-орында келеді.