• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Мамыр, 2020

Елордалық 6500 оқушыға техника таратылды

106 рет
көрсетілді

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова хабарлады. 

– Қашықтан оқудың нәтижелі болуы мақсатында оқушылар мен педагогтардың компьютерлермен және интернет желісіне қолжетімділікпен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізілді.  Мектеп балансындағы 7118 компьютер көп балалы және аз қамтылған отбасыларындағы 6500 оқушыға және қажеттілік танытқан 618 педагогтерге уақытша пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, қосымша 2 613 ноутбук және интернетпен қамтамасыз ету үшін 5 200 флеш-карта  сатып алынды.

Бұл қаражат 1-4 сыныптардың тамақтануын ұйымдастыруға үнемдеу есебінен пайдаланылды, сондай-ақ қалған сомасы бейнебақылауды қамтамасыз етуге бағытталды, – деді Ш.Қадырова.