Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың халыққа есеп беру кездесуі өтеді. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңызды жиын 2020 жылғы 4 маусымда сағат 11:00-ге бекітілген.
Ведомствоның баспасөз қызметі жолдаған жабарламада: «Министрге сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды ведомстваның ресми интернет-ресурсындағы арнайы «сұрақ-жауап» бөлімі арқылы жіберуге болады. Кері байланыс орнату үшін байланыс деректеріңізді көрсетуді сұраймыз. Есеп беру кездесуі министрліктің Facebook және Instagram-дағы ресми парақшаларында, мамандандырылған интернет-порталдарда және БАҚ-та онлайн форматта жүргізіледі. Сондай-ақ халықпен кері байланыс орнату үшін 1450 қысқа нөмірлі call-орталығы, әлеуметтік желілердегі Министрліктің ресми парақшалары, Telegram-арнасы мен мессенджерлердегі арнайы чаттар жұмыс істейді», делінген.