• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Мамыр, 2020

Ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға конкурс жарияланды

534 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ғылым комитеті хабарлады. Гранттық қаржыландыру іске асыру мерзімі 12 ай және 27 ай болатын 2020-2022 жылдарға арналған жобаларға жарияланды. 

Конкурстың негізгі бағыттары жөнінде:

«Білім және ғылым министрлігі Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары («Мәңгілік ел» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру, гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер); Энергетика және машина жасау; Табиғи ресурстарды, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар мен құрастырмалар; Өмір және денсаулық туралы ғылым; Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыштық технологиялар; Жаратылысыстану ғылымдараы саласындағы ғылыми зерттеулер; Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі; Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс) және мамандандырылған ғылыми бағыттар бойынша 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар (іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер) бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурс өткізетіні жөнінде хабарлайды» делінген.

Ғылым комитетінің хабарлауынша, Конкурстық құжаттама министрлік сайтында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/edu)және Ғылым комитетінің ресми порталында: (https://www.gov.kz/memleket/entities/sc) орналастырылған.

Ал сұрақтарыңыз болса, конкурстарға құжат қабылдау мәселелеріне жауапты мамандардың байланыс нөмірлерін және конкурс туралы толығырақ осы сілтемеден таба аласыз.