Коронавирусқа байланысты 19 наурызда тоқтатылған Түркия чемпионаты 12 маусымда жалғасады. Бұл жайында аталмыш мемлекеттің футбол федерациясы мәлімдеді.
Сол кезге дейінгі нәтижелерге зер салсақ, әзірге қос команда көш басында өзгеңгі қағыстырып келеді. Олар – «Трабзонспор» мен «Башакшехир. Екеуінің де қоржынында 53 ұпайдан бар. Үшінші орындағы «Галатасарайдың» жоғарыда аталған клубтардан үш ұпайы кем. Төртінші және бесінші сатыларға «Сивасспор»мен «Бешикташ» жайғасты. Бірі – 49 ұпайды, екіншісі – 44 ұпайды еншілеп отыр.
Сонымен қатар үстіміздегі жылдың 27 маусымында Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы стадионда УЕФА Чемпиондар лигасының финалдық сайысы өтуге тиіс еді. Алайда бұл матч пандемияға байланысты кейінге шегерілді.