• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Технология 11 Мамыр, 2020

Деректерді талдауға арналған алғашқы есептеу стансасы

482 рет
көрсетілді

Назарбаев Университетінде жасанды интеллектінің озық әзірлемелері үшін ең жылдам есептеу стансасы орнатылды. Жұмыс стансасына кіретін NVIDIA DGX-2 екі сервері терең зерттеу (ағылш. deep learning) саласындағы зерттеулерді жеделдету үшін графикалық процессорларда жалпы мақсаттағы есептеулерге маманданған.

«Назарбаев Университетінің Ақыл­ды жүйелер және жасанды интеллект инс­титутының (ISSAI) зерттеу тобы Қазақ­станда алғашқылардың бірі болып DGX жүйесін енгізді және осы жүйе­лерді пайдалануда елеулі тәжіри­бе жинақтады. ISSAI-дың есептеу әлеуеті Назарбаев Университет оқыту­шылары мен бас­қа да қазақстандық уни­верситеттердің қызметкерлеріне жа­санды интеллект сала­сындағы өз зерт­теулерін іске асыруға мүмкіндік береді», дейді Институт директоры профессор Атакан Варол.

Сарапшылардың пікірінше, NVIDIA DGX жүйелері NVIDIA Volta гра­фикалық процессорларының револю­циялық сәулеті негізінде құрылған. Графикалық процессорлар үшін иннова­циялық бағдарламалық қамтамасыз ету және оңайлатылған басқару арқылы NVIDIA DGX жоғары өнімділік пен жыл­дамдықты қамтамасыз етеді. Өйткені жасанды интеллекті саласындағы жұмыс үлкен деректерді өңдеуді білдіреді, жыл­дамдық маңызды рөл атқарады. Әдеттегі серверлерде графикалық процессор, жедел жады мен қатқыл диск ара­сындағы қатынау жылдамдығы өте аз, осының салдарынан (деректер, бейне, кескіндер, мәтін және т.б.) ұзақ өңделеді. Ал жаңа жүйе NVLINK және NVSWITCH технологияларын қолда­нады, олар гра­фикалық процессор­лар арасындағы өзара байланысты едәуір жеделдетеді және тиісінше үлкен деректермен жұмыс істеу процесін же­делдетеді.

Бұған қоса, NVIDIA DGX-2 жүйелері ғалымдарға кез келген платформада  үстел­дік жүйеден бастап деректерді өң­деу орталығына және бұлтты жүйелер­ге дейін жасанды интеллекті жобаларын әзірлеуге арналған ең қуатты құ­рал­дар мен бағдарламалар ұсынады. Әрбір зерттеуші зерттеулер үшін өзіне керекті техникалық бағдарламалар мен құралдарға (мысалы, pytorch, tensorflow және т.б. сияқты бағдарламаларға) қол жеткізе алады. Осылайша ауқымды де­рек­­терді өңдеу бойынша ең таңдаулы ше­­шімдер табуға мүмкіндік береді.

Жасанды интеллекті алгоритмдері барған сайын күрделене түсуде және есептеу қуатының теңдессіз деңгейін талап етеді. NVIDIA DGX-2 өзінде жасанды интеллект модельдерінің жаңа типтерін жеделдету үшін әлемдегі ең техникалық ілгерілетілген 16 GPU қуатын біріктіреді және жасанды интеллекті алгоритмдерін масштабтауды оңтайландырады, осылайша есептеу қуатының деңгейін және дерек­терді өңдеу тиімділігін арттырады.

Мысалы, Nvidia DGX-2 Назарбаев Уни­верситетінде ISSAI жобаларын тал­­дау үшін қазірдің өзінде табысты пай­­даланылуда. Бұл жобалар адам­дар­ды әдеттегі және термалды тү­сірі­лім­дерде тануды, адамды даусы бо­йынша сәйкестендіруді, WiFi сиг­нал­дардың көмегімен үй-жайлардың ішінде оқшаулауды, кеуде қуысының рент­гендік суреттерін талдауды, МРТ-бей­нелерде бас миының ісіктерін автоматты сег­менттеуді, қалалық бақылау камераларын оңтайлы орналастыруды қамтиды.

Осы жобалардың әрқайсысында бей­нелеу, бейне және аудио жазбалар сияқты деректердің орасан зор саны пайда­ланылады. DGX сияқты жоғары есептеу жүйесінсіз осы деректерді өңдеу және тереңдете оқыту модельдерін жат­тықтыру әлдеқайда қиындайды және жылдамдығы баяулайды.