Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау маусым айында өтеді. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«3.3 млн оқушыны және ЖОО-лар мен колледждердің 1 млн студентін қашықтан оқыту оқу жылының соңына дейін жалғасады. Аттестаттарды табыстау мен соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық алаңда, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, шектеулі адамдар санымен өткізіледі, ҰБТ-ны 20 маусымнан бастап қатаң санитарлық ережелерді сақтай отырып, штаттық режимде өткізу жоспарланған» деді Премьер-Министрдің орынбасары Е. Тоғжанов.