Иранның әскери-теңіз флотының жаттығуында бір кеме екіншісіне оқыстан зымыран атты. Салдарынан 19 адам қаза болып, 15 әскери қызметкер түрлі жарақат алған.
Оқиға Оман шығанағындағы оқу-жаттығу кезінде болған, бұл жол әлемдік мұнайдың бестен бір бөлігі өтетін Ормуз бұғазына апарады. Иран осы ауданда үнемі оқу-жаттығу өткізеді.
Ресми мәліметке сенсек, әскери кеме жаттығу кезінде арнайы нысананы көздеген, алайда зымыран жанында жақын тұрған екінші кемеге тиген.
Жергілікті БАҚ оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын жеткізді.