Енді командалар бір ойында бұрынғыдай 3 емес, 5 футболшыны ауыстыра алады. Тек бұл ережені қолдану-қолданбауды әр чемпионаттың басшылығы мен команда өкілдері өздері шешеді. Сондай-ақ ойыншы алмастыру кезінде уақыт созудың алдын алу мақсатында командалар ойын барысында тек 3 футболшыны ауыстыра алады. Ал үзіліс уақытында екі футболшыны ауыстыруына мүмкіндік бар. Пайдаланылмаған мүмкіндікті қосымша уақытта қолдана алады.
Бір ескеретін жайт, ойын кезінде қосалқы құрамға алынған футболшы қайтадан алаңға шыға алмайды. Аталған ережені командалар 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін пайдалана алады.