• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 13 Мамыр, 2020

Бокс: Ұлттық құрама Алматыда жаттығу жиынын өткізеді

325 рет
көрсетілді

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 25 мамыр мен 12 маусым аралығында Алматыдағы АИБА базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Кенжебаев мәлімдеді.

Аталған жиын коронавирус пандемиясына байланысты елде жарияланған төтенше жағдай режимінен кейінгі алғашқы жаттығу болмақ. Бас бапкердің айтуынша, жиында барлық санитарлық талаптар сақталып, жаттығу арнайы физикалық дайындық бойынша өтеді.

«Оқу жаттығу-жиынына ұлттық құраманың 30 спортшысы шақырылады. Алдағы уақытта Өзбекстан, Украина және Ресей құрамаларымен бірге бірлескен жаттығу жиынын өткізу жоспарда бар. Әрі қарай шекараның ашылғанына байланысты жоспар құрамыз», дейді Ғалым Кенжебаев.

Сондай-ақ Ғалым Кенжебаев күзде Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылатынын және әлемдік додаларға қатысуды халықаралық жарыс күнтізбесіндегі өзгерістерге байланысты жоспарлайтынын айтты.