• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Мамыр, 2020

Шымкентте коммуналдық төлем бойынша 28 180 азаматтан өтінім түскен

265 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, карантинге жабылған өңірлерде тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтер үшін 15 мың теңгеден берілетіні бұған дейін хабарланған болатын.

Осыған орай, бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы Ғалымжан Төлепов тұрғындарға берілетін өтемақыға қатысты өзгерістерді мәлімдеді.

- Аталған көмекті алу үшін азаматтардан өтінімдерді қабылдау мақсатында communal-komek.kz сайты іске қосылған. Онда әрбір азамат өзінің ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және жеке шоттарын енгізе отырып, өтінім бере алады. Жалпы 21 сәуірден бастап бүгінгі таңға дейін 28 180 азаматтан өтінім келіп түсті. Оның ішінде 14 320 азаматтың жеке шоттары сәйкестігі деректер арқылы тексеріліп, оң шешімін тапты. Ал, 12 479 азаматтың жеке шоттары анықталмай, қазір тексерілу үстінде, - деді басқарма басшысы.

Айта кетсек, әлеуметтік көмек бойынша азаматтарға кеңес беру мақсатында Шымкентте Call-орталық ашылған. Орталық таңғы 09:00 мен 18:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді.

Ақпараттық жүйелер арқылы өтінім беру мүмкіндігі болмаған жағдайда, ЖСН, әлеуметтік мәртебесін және дербес (абоненттік) шотының деректерін ұсына отырып, call-орталықтарына хабарласуға болады.