• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Мамыр, 2020

Шымкентте мобильді жұмыспен қамту орталықтары ТЖ кезінде 215 азаматты жұмысқа орналастырды

125 рет
көрсетілді

Шымкент қаласында «Атамекен» қолдау орталығы 10 мобильді жұмыспен қамту орталығы қайта жұмысын бастады. ТЖ енгізілгеннен бастап және бүгінгі күнге дейін олар онлайн режимінде қызмет көрсетті.

«Атамекен» қолдау орталығы орталықтарында жұмысқа орналастыру, тегін оқыту, бизнесті ашу бойынша ақпарат алуға болады, мұнда бос жұмыс орнын таңдауға немесе жаңа мамандық алуға көмектеседі. Мобильді орталықта жұмысты менеджер-кеңесшілер және жеке тұлға өсуінің кеңесшілері жүзеге асырады. Жеке тұлға өсуінің кеңесшілеріне мамандық таңдауды анықтағысы келетіндер жүгінеді.

Шымкент қаласының Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Олжас Жансейітовтың айтуынша, ТЖ режимі кезеңінде - 14 наурыздан 11 мамырға дейін мобильді жұмыспен қамту орталықтарына 13 119 адам кеңес алу үшін жүгінген, олардың 215-і ресми түрде жұмысқа орналастырылған.

14 мамырдан бастап мобильді жұмыспен қамту орталықтары қалыпты жұмыс режиміне көшті. Олар 10.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Орталықтар «Айна», «Жоғарғы», «Автонұр», «Алаш», «Самал» базарларында, «Атлант» СҮ, «Hyper house», Орталық стадиондағы ХҚКО, Орталық саябақта және әл-Фараби алаңында орналасқан.