Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жарыстарды коронавирус пандемиясына байланысты 2020 жылдың 31 шілдесіне дейін тоқтатқанын ресми түрде мәлімдеді.
Федерация сайты таратқан ақпаратта аталған шешімді тек қана ITF сайыстары емес, сонымен қатар ерлер арасындағы кәсіпқой теннис ассоциациясы (ATP) мен әйелдер теннис ассоциациясы (WTA) да қабылдаған. Осылайша ерлер арасындағы Гамбург, Ньюпорт, Бостад, Лос-Кабос, Гштад, Умага, Атланта және Кицбюэлдағы, сонымен қатар әйелдер арасындағы Бухарест, Лозанна, Палермо, Юрмала, Нью-Хейвен және Карлсруэдағы бәсекелер кейінге шегерілді.
Бұған дейін, ITF барлық жарысты 13 шілдеге дейін өтпейтінін мәлімдеген еді. Сол аралықта «Үлкен дулыға» санатындағы Уимблдон бәсекесін өткізу уақыты кейінге созылған-ды. Сонымен қатар «Ролан Гаррос» турнирі көктемнен күз айына ауыстырылса, АҚШ ашық чемпионаты Нью-Йорктен Калифорнияның Индиан-Уэллс қаласына көшіру туралы ұсыныс қаралып жатыр.