19 мамырдағы мәлімет бойынша Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды: Оның 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, Ал, қалған 21-інен вирус скрининг нәтижесінде анықталған. Тиісінше барлық науқас инфекциялық стационарға жатқызылған.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
19.05.20 жылы Шымкент қаласы бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 485 адамға жетті.
Шымкент