• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Парламент 21 Мамыр, 2020

Талқылауларда айтылған пікірлер ескерілген

176 рет
көрсетілді

«Қазақстанда бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заң жобасының дайындалуына қатысқан адам ретінде сарапшылардың пікірі барынша ескерілгенін айтып өткім келеді. Біздің Парламенттегі талқылауларға дейін білдірген пікіріміз ескеріліп, көптеген түзету енгізілген.

Ең бастысы, бейбіт жиындар өткі­зілетін орындардың санын шектемеу туралы ұсыныс өте орынды. Со­ны­мен қоса ол орындардың қала не елді мекен орталығынан алыс болмауын ескеру қажет. Арнайы орын белгіленеді деп халыққа ыңғайсыз, қала сыртындағы алаңдарды белгілеу дұрыс емес. Орындарды белгілемес бұрын да халықпен талқылануы керек. Яғни сол орынды пайдаланатын ха­лық болғандықтан жергілікті билік олардың пікірін сұрап, ойымен санасуы керек.

Одан кейін ұйымдастырушыларға жүктелетін міндеттердің санын қыс­қарт­қаны да жақсы шешім. Өйткені ұйымдастырушы жиналған халықтың барлығы үшін жауап бере алмайды. Мұн­дайда құқық қорғау органдары бар. Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге құ­зыр­лы органдардың өкілдері де атсалысуы керек.

Мемлекеттегі сөз бостандығы – заң­ды нәрсе. Халықтың бейбіт жиынға да құқы бар. Әрбір азамат өз ойын еш ке­дергісіз жеткізе алуға құқылы. Сон­дық­тан бұл заң да халық үшін тиімді әрі қолайлы болуы керек.

 

Жібек АХМЕТОВА,

«Маңғыстау облыстық Азаматтық альянсы» ЗТБ төрағасы