• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2020

Батыс Қазақстан облысында браконьерлер 434 киік мүйізімен ұсталды

441 рет
көрсетілді

18 мамыр күні Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген «Ақбөкен» табиғат қорғау акциясы аясында Батыс қазақстан облысының 4 тұрғыны заңсыз киік аулап, оның дериваттарын заңсыз айналымға салғаны үшін тұтқындалды.

Жедел операция кезінде мемлекеттік нөмірі ресейлік «Ниссан», «Нива Шевроле» автокөліктері және мотоцикл, 5 мылтық, оның ішінде оптикалық көздегіші бар қару, 300-ге жуық патрон, түнде көруге арналған құрал, радиостанса, GPS навигатор, 7 мобильді телефон, 2 планшет, ара мен пышақтар – қысқасы заңсыз аңшылыққа сақадай сайланған ұйымдасқан топ қолға түскен. Олардан киіктің 434 мүйізі алынған.

«Бұл оқиға бойынша Қылмыстық Кодекстің 339 бабы бойынша қылмыстық іс көтерілді, қазір тергеу жүргізілуде» дейді тиісті орган өкілдері.

Елімізде «Ақбөкен» жедел-алдын алу операциясы 15 мамырда басталған. Қазір браконьерлерге қарсы күресте «Охотзоопром» мекемесінің 200 инспекторы және аумақтық инспекторлар жол талғамайтын 64 көлік, 5 мотоциклдің күшімен күні-түні рейдте жүр. Акция басталғалы заңсыз киік аулаған 6 оқиға әшкереленіп, киіктің 24 тушасы, 697 мүйізі алынған.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы аумағында 12 мамыр күні де екі адам ұсталып, олардан 15 дана ақбөкен тушасы, 30 дана мүйіз, мылтық тәркіленген болатын.

 

Батыс Қазақстан