• RUB:
    5.61
  • USD:
    479.4
  • EUR:
    522.93
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Мамыр, 2020

Корея Республикасының елшісі Құрмет грамотасымен марапатталды

264 рет
көрсетілді

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді миссиясының аяқталуына байланысты Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Ким Дэ Сикті қабылдады. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында Министр корей дипломатына Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың дамуына қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы» мемлекеттік наградасын табыс етті.

М. Тілеуберді Ким Дэ Сикке Елші ретінде атқарған жемісті еңбегі үшін алғыс білдіріп, дипломатиялық қызметінде сәттілік тіледі.

Ким Дэ Сик Елші лауазымына 2017 жылғы сәуірде тағайындалды. Ол 2019 жылғы сәуірде Корея Республикасының Президенті Мун Чжэ Иннің Қазақстанға мемлекеттік сапары барысында қабылданған «Самал жел» жаңа экономикалық бағдарламасы бастамашыларының бірі.