• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Қызылжарда 75 көше жөнделеді

136 рет
көрсетілді

Петропавл қаласы әкімдігінің автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Бақыт Ілиясовтың айтуына қарағанда, биыл Қызылжардың 75 көшесі мен саяжайлар және қорымдарға апаратын жолдары жөнделмекші. Ал былтыр 50 көше жөнделген екен. Осы мақсатқа бюджеттен 704 млн теңге бөлінген. Жөндеу жұмыстарының жалпы аумағы 300 мың шаршы метрды құрайды. Жөнделетіндердің қатарына қаланың қақ ортасындағы М.Жұмабаев, М.Горький атындағы ең үлкен көшелер де енгізіліпті.

Мағжан атындағы магистральды көшенің жөнделгеніне көп бола қойған жоқ еді, бірақ қазірдің өзінде шұқанақтары көбейіп кеткен. Оның үстіне бұл көшенің бойындағы жаяулар жүретін тротуар Абай қиылысынан әрі мүлде жоқ. Ақшасы қолды болғанға ұқсайды. Биылғы жөндеуде қала тұрғындары осы мәселе ескерілер деген үмітте. Жалпы, Мағжан көшесі бұрынғы «Коммунистический» атындағы даңғылды иеленіп, қаланы қақ жаратын ең үлкен көшелердің бірі болған еді. Алайда бір пысықай әкімнің тұсында оның солтүстік жартысы Шоқан Уәлихановтың атына берілген. Басқа атауларды иеленген жүздеген көше тұрғанда қазақтың екі арысына бір көшені бөліп беріп, мәз болып кеткен ол әкім.

Сонымен бірге, биыл 73 ауланың жолдары жөнделмекші. Қала орталығындағы кейбір аулалар жылдар бойы жөнделмей, қазан-шұңқырлары қаптап жататын. Енді сондайларға да жөндеу жүргізуді жоспарға енгізгені қала әкімінің халыққа жаншырлығын көрсетіп тұр. Аулалардың жолдары ғана жөнделіп қоймай, бейнебақылау камералары да орнатылатындығы көңілге қуаныш ұялатуда.

Қала тұрғындары қала әкімімен болған кездесуде М.Жұмабаевтан басқа да 16 көшеге тротуарлар салуды өтінген екен. Биығы жөндеу жұмыстарында осы өтініштер де ескерілген екен.

 

ҚЫЗЫЛЖАР