Кәсіпқой бокстағы Қазақстанның жарық жұлдызы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымының чемпионы Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін Mathroom Boxing промутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн GGG мен Канело қашан және қай қалада жұдырықтасатынын айтты.
«Головкин – Шеремета жекпе-жегі тамыз айында, ал Канело – Сондерс айқасы қыркүйекке жоспарланған. Әрі қарай оқиға қалай өрбімек? Әрине орта салмақтың екі мықтысы – Головкин мен Канело желтоқсан айында рингте кездеседі. Жыл соңына дейін тіршілік бұрынғыдай қалпына келіп, жанкүйерлер еш кедергісіз Лас-Вегас қаласындағы аренаға кіреді деген үміттемін», дейді Хирн.
Айта кетейік, екі боксшы арасындағы алғашқы екі жекпе-жек Лас-Вегаста орналасқан T-Mobile Arena спорт кешенінде ұйымдастырылған болатын. Бірінші кездесуде (2017 жылдың қыркүйегі) тең нәтиже тіркелсе, екінші айқаста (2018 жылдың қыркүйегі) аздаған басымдықпен Альварес жеңіске жеткен еді.