Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Олимпия ойындарының іріктеу кезеңіне өзгерту енгізді, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.
Енгізілген өзгерістер мен жаңартулар Халықаралық Олимпиада комитеті мен халықаралық паралимпиада комитеті тарапынан мақұлданған. Пандемияға дейінгі іріктеу кезеңінде жиналған ұпай сандары рейтингте өзгеріссіз сақталады. Covid-19 індетінің салдарынан тоқтатылған додаларды қайта өткізу Олимпиадаға іріктеу кезеңін жаңартуға себеп болды.
Жаңа күнтізбеге сәйкес 2020 жылдың 1 қазаны мен 2021 жылдың 30 сәуірі аралығында өткен жарыстар Олимпиадаға іріктеу додасы болып есептеледі.