• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Спорт 02 Маусым, 2020

Бүгін «Тарзанның» туған күні

120 рет
көрсетілді

Бүгін даңқты спортшы, әйгілі актер Джонни Вайсмюллердің туған күні. Ол осыдан 116 жыл бұрын, яғни 1904 жылдың 2 маусымында қазіргі Румынияның Тимишоара қаласында дүниеге келді. 

Болашақ жұлдыздың туғанына жарты жыл өткеннен соң оның ата-анасы АҚШ-қа қоныс аударды. Бала кезінен түрлі ауруға шалдыққан Джонниге дәрігерлер жүзумен айналысуға кенес берді. Спорттың бұл түрі ұнағаны соншалық, ол мектепті тастап, жүзумен түбегейлі шұғылданды. Нәтижесі өздеріңізге мәлім. Вайсмюллер 1924 жылы Париж және 1928 жылы Амстердамда өткен Олимпия ойындарында 100, 400 метрлік қашықтықтар мен 4х200 метрлік эстафеталық сайыста барлығы бес бірдей бас жүлдені қоржынға салды. АҚШ-тың су добы құрама комадасы сапында Олимпиаданың қола медалін жеңіп алды. Сонымен қатар, 52 рет АҚШ чемпионы атанып, 67 әлемдік рекорд орнатты. Джонни жеңілмеген күйі үлкен спорттан қол үзді.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдары Джонни Вайсмюллер киноға түсе бастады. «Тарзан» фильм арқылы ол жаңа қырынан танылды. Күллі әлемде көрсетілген бұл фильм арқылы кейіпкеріміз 2 миллион АҚШ доллары көлемінде олжаға кенелді. Сонымен қатар, халық арасында мол абырой және зор мәртебеге бөленді. Кейіннен тағы көптеген фильмдерде түрлі рөлдерді сомдады.  

Джонни 1984 жылдың 20 қаңтарында 80 жасқа қараған шағында өкпе қабыну дертінен қайтыс болды. Даңқты спортшы, әйгілі актердің денесі өзінің өтініші бойынша Мексиканың Акапулько қаласында жер қойнауына тапсырылды.